Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 27.09.2023 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қарағанды қалалық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы" 2014 жылғы 27 қарашадағы № 363 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2898 болып тіркелген) келесідей өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасында:
9-тармағының 6) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"6) қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары, атап айтқанда:
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң, сондай-ақ қайтыс болуы белгiленген тәртiппен солардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасылары;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары;";
келесі мазмұндағы 11-1 тармағымен толықтырылсын:
"11-1. Тұрғын үйді, көп қабатты тұрғын үйді газдандыруға біржолғы әлеуметтік көмек:
2,5 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы табысы болған және оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда, Қарағанды қаласында газдандыруға жататын жергілікті жеке тұрғын үйде, көп қабатты тұрғын үйде тұратын, оның жеке меншік иесі немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері болып табылатын жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектерге, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларға, көп балалы аналарға және көп балалы отбасыларға, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жетім баланың (жетім балалардың) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) қамқоршыларына немесе қорғаншыларына жүргізіледі.
Әлеуметтік көмектің көлемі газ құбырын орнату және жүргізуге байланысты өтініш берушінің нақты шығындарының негізінде анықталады.
Біржолғы әлеуметтік көмек газ жабдықтарын орнатуға шарт жасалған сәттен бастап бір жыл ішінде беріледі.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихатының хатшысы | К. Бексултанов |