Ақсу-Аюлы ауылдық округінің Еңбекшіл, Ақшатау кентінің Жарылғап батыр, Босаға ауылдық округінің Босаға, Киікті ауылдық округінің Киікті ауылдарына шектеу іс шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шет ауданының әкімдігінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 05/01 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 қаңтарда № 26643 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет ауданының әкімдігінің 2022 жылғы 18 сәуірдегі № 23/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет ауданының әкімдігінің 18.04.2022 № 23/01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Занының 10-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына және Шет ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 08-09-02/301 ұсынысы негізінде Шет аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шет ауданы бойынша инфекциялық ринотрахеит және вирустық диарея ауруларымен ірі қара малдың шалдығуына байланысты Ақсу-Аюлы ауылдық округінің Еңбекшіл ауылы, Ақшатау кентінің Жарылғап батыр ауылы, Босаға ауылдық округінің Босаға ауылы, Киікті ауылдық округінің Киікті ауылы аумақтарында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Жумкинге жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шет ауданы әкімі М. Мухтаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады