"Жалағаш ауданы жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 52 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 10 тамыздағы № 166 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 тамызда № 29147 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жалағаш ауданы жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 52 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5742 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Жалағаш ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мемлекеттік – құқықтық жұмыстар бөлімі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданы әкімінің міндетін атқарушы А. Дарибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады