Жалағаш аудандық мәслихатының 2021 жылғы 17 қарашадағы № 10-2 "Жалағаш ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2022 жылғы 16 қарашадағы № 26-3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 18 қарашада № 30599 болып тіркелді

      Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жалағаш аудандық мәслихатының 2021 жылғы 17 қарашадағы № 10-2 "Жалағаш ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25663 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жалағаш ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жалағаш ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш аудандық мәслихатының хатшысы Г. Курманбаева

  Жалағаш аудандық мәслихатының
2022 жылғы 16 қарашадағы
№ 26-3 шешіміне қосымша
  Жалағаш аудандық мәслихатының
2021 жылғы 17 қарашадағы
№ 10-2 шешіміне қосымша

Жалағаш ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшері

      1. Осы Жалағаш ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) қағидаларына (бұдан әрі - шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

      2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу (бұдан әрі- үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу) мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқу фактісін растайтын оқу орынының анықтамасы негізінде "Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

      3. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу (толық мемлекеттің қамтамасыз етуіндегі мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкілдеріне отбасының табысына қарамастан беріледі.

      4. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу психологиялық- медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.

      5. Шығындарды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар балалардың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      6. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу үшін шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының 8-жолында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар ұсынылады, бұл ретте, қандастар үшін өзімен бірге – жеке басын сәйкестендіру үшін қандас куәлігі болуы қажет.

      7. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері ай сайын әр мүгедектігі бар балаға тоғыз айлық есептік көрсеткішке тең.

      8. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтемеу негіздері шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының 9-жолында көзделген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады