Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы" Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қарашадағы № 389 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6069 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының астыңғы сол жақ бұрышына орналасқан келісу таңбасы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысының полиция департаменті Жаңақорған ауданының полиция бөлімімен".
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған ауданының әкімі | Р. Рустемов |
"КЕЛІСІЛДІ" "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысының полиция департаменті Жаңақорған ауданының полиция бөлімімен" |