Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сырдария ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 6 наурыздағы № 79 "Сырдария ауданы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6216 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сырдария ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сырдария ауданының әкімі | М. Ергешбаев |