Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сырдария ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қарашадағы № 289 "Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Сырдария ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6051 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сырдария ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сырдария ауданының әкімі | М. Ергешбаев |