Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шиелі ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Шиелі аудандық мәслихат хатшысы | Т. Жағыпбаров |
Шиелі аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 қазандағы № 30/29 шешіміне қосымша |
Шиелі ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілердін түрлері | Есептік бірлік | 1 есептік бірлікке арналған жылдық норма, м3 |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 0,75 |
2. | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқты объектілер | 1 орын | 0,432 |
3. | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,546 |
4. | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,352 |
5. | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,31 |
6. | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,084 |
7. | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,049 |
8. | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,083 |
9. | Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көңіл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,61 |
10. | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,12 |
11. | Мұражайлар, көрмелер | жалпы алаңының 1 м2 | 0,02 |
12. | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0,01 |
13. | Спорт, би және ойын залдары | жалпы алаңының 1 м2 | 0,04 |
14. | Азық-түлік және өнеркәсіптік тауар дүкендері, аралас дүкендер | сауда алаңының 1 м2 | 0,26 |
15. | Машиналардан сату | сауда орнының 1 м2 | 0,302 |
16. | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда алаңының 1 м2 | 0,207 |
17. | Өнеркәсіптік , азық-түлік тауарларының көтерме базалары және қоймалары | жалпы алаңының 1 м2 | 0,18 |
18. | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | жалпы алаңының 1 м2 | 0,151 |
19. | Дәріханалар | сауда алаңының 1 м2 | 0,27 |
20. | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 1,68 |
21. | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 0,96 |
22. | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,182 |
23. | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы алаңының 1 м2 | 0,132 |
24. | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпы алаңының 1 м2 | 0,3 |
25. | Моншалар, сауналар | жалпы алаңының 1 м2 | 0,11 |