Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлаудың 2022-2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. "Маңғыстау облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысы әкімінің міндетін атқарушы | Б. Орынбасаров |
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2022 жылғы 9 қыркүйектегі | |
№ 163 қаулысына қосымша |
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлаудың 2022-2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы (жергілікті бюджет есебінен)
№ | Білім беру саласының коды және сыныпталуы | Даярлау бағыттарының коды және сыныпталуы | 2022-2023 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырыс көлемі | Оқу жылына 1 маманды оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар құны (теңге) күндізгі оқыту | |
ұлттық жоғары білім беру ұйымдарында | басқа жоғары білім беру ұйымдарында | ||||
1 | Бакалавриат 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар |
| 15 | 1 049 300 | 922 500 |
2 | Бакалавриат 6B08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар | 6В084 Балық шаруашылығы | 3 | 826 900 | 742 700 |
| Бакалавриат 6B10 Денсаулық сақтау | 6B101 Денсаулық сақтау | 157 | 1 188 000 | 1 001 000 |