Маңғыстау облысы әкімдігінің "Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарын құру туралы" 2015 жылғы 27 ақпандағы № 53 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 4 қазандағы № 186 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 қазанда № 30102 болып тіркелді

      Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің "Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарын құру туралы" 2015 жылғы 27 ақпандағы № 53 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2658 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақтың алтыншы абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "жалпы алаңы 172 573,2 гектар, оның ішінде: Бейнеу ауданы аумағында 53 587,7 гектар, Маңғыстау ауданы аумағында 118 985,5 гектар, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан жергілікті маңызы бар "Манашы" мемлекеттік кешенді табиғи қаумалы құрылсын".

      2. "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Экология,

      геология және табиғи ресурстар

      министрлігінің Орман шаруашылығы

      және жануарлар дүниесі комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады