Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 3/27 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2022 жылғы 3 қазанда № 22/187 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 қазанда № 30219 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 28 наурыздағы 2024 жылғы № 14/111 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 28.03.2024 № 14/111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 3/27 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4502 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасында:

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабында және Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидада көзделген тәртіппен көрсетіледі.";

      8-тармақта:

      1) тармақшаның үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "барлық топтың мүгедектігі бар адамдарына, он алты жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;";

      2) тармақшаның екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары – 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш;";

      3) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі:

      барлық топтың мүгедектігі бар адамдарына, он алты жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;";

      4) тармақшаның үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектігі бар адамдарына, теңестірілген адамдарға (Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар басқа) – 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш;";

      4) тармақшаның оныншы, он бірінші абзацтары жаңа редакцияда жазылсын:

      "сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы) – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;";

      4) тармақшаның жиырмасыншы абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "ұрыс қимылдары салдарынан мүгедектігі белгіленген мүгедектігі бар адамдарға – 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш;";

      5), 6) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:

      "5) 1 маусым – Балаларды қорғау күні:

      он алты жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;

      6) 6 шілде – Астана күні:

      барлық топтың мүгедектігі бар адамдарына, он алты жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;";

      8) тармақшаның бесінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "барлық топтың мүгедектігі бар адамдарына, он алты жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;";

      10) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "10) Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күні қазан айының екінші жексенбісі:

      барлық топтың мүгедектігі бар адамдарына, он алты жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;";

      9-тармақта:

      1) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) он сегіз жасқа дейінгі үйде оқитын мүгедектігі бар балаларға табысын есепке алмай ай сайын – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерде;";

      5) тармақшаның екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "табысын есепке алмай және мамандық таңдауға шектеусіз Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында оқитын мүгедектігі бар студенттерге;";

      5) тармақшаның бесінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "ата-анасының біреуі немесе екеуі де бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адам немесе екеуі де зейнеткер болып табылатын студенттерге;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаөзен қалалық мәслихатының хатшысы Т. Мусаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады