Қарақия аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 наурыздағы № 2/18 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 қарашадағы № 20/197 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 9 қарашада № 31044 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 17 қазандағы 2023 жылғы № 7/74 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 17.10.2023 № 7/74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қарақия аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 29 наурыздағы № 2/18 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4488 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қарақия ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасында:

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. "Қазақстан Республикасында мүгедектiгі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте көрсетіледі.".

      6-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4) 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні:

      Қазақстандағы 1986 жылғы 16-17 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      70 жастан асқан зейнеткерлерге - 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарақия аудандық мәслихатының хатшысы Ж. Қалаубай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады