Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау ауданы әкімдігінің "Маңғыстау ауданында орналасқан республикалық дәрежедегі "Сисем-Ата" мазарының жанына жаңа қойылымдар орнатуға (жерлеуге) тыйым салу туралы" 2006 жылғы 25 желтоқсандағы №165 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-5-35 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау ауданының әкімі | Т. Кушмаганбетов |