Маңғыстау аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 319 "Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 26 мамырдағы № 166 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 маусымда № 28330 болып тіркелді

      Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 319 "Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3984 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидаларында:

      1- тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Қараусыз қалған жануарлардың аудандық коммуналдық меншікке келіп түсуі";

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Қараусыз қалған жануарлардың аудандық коммуналдық меншікке келіп түсуі "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сәйкес мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актісі негізінде жүзеге асырылады. Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актісі қараусыз қалған жануарларды берген тұлғаның, тиісті ауыл, ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі – әкім), "Маңғыстау аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің және "Маңғыстау аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – экономика және қаржы бөлімі) жауапты қызметкерлерінің қатысуымен жасалады.";

      3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Қараусыз қалған жануарларды бағалау, есепке алу және бекітіп беру";

      4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Қараусыз қалған жануарларды одан әрі пайдалану";

      5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Қараусыз қалған жануарларды бұрынғы меншік иесіне қайтару";

      6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Қорытынды ережелер".

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау ауданының әкімі Т. Кушмаганбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады