Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 87 "Карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 7 ақпандағы № 49 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 ақпанда № 26796 болып тіркелді

      Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы" 2020 жылғы 2 наурыздағы № 87 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9001 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қостанай облысының әкімі А. Мухамбетов

  Қостанай облысы әкімдігінің
  2022 жылғы 7 ақпандағы
  № 49 қаулысына
  қосымша
  Қостанай облысы әкімдігінің
  2020 жылғы 2 наурыздағы
  № 87 қаулысына
  қосымша

Костанай облысының аумағында карантиндік режим енгізілетін карантиндік аймақ

Аудандар мен қаланың атауы

Залалдану алаңы (гектар)

Өңдеу алаңы (гектар)

1

Алтынсарин

48 431

1 117,287

2

Амангелді

9 655

345,652

3

Әулиекөл

51 457

137,0962

4

Бейімбет Майлин

25 529

674,138

5

Денисов

68 978

166,903

6

Жангелдин

203

199,2

7

Жітіқара

15 552

34,7324

8

Қамысты

6 617

26,90

9

Қарабалық

13 429

201,6249

10

Қарасу

130 815,2

582,9439

11

Қостанай

38 811

410,8194

12

Меңдіқара

25 042

57,0330

13

Науырзым

24 103,26

730,9610

14

Сарыкөл

43 076,0

91,0300

15

Ұзынкөл

33 356,4

139,3613

16

Федоров

49 579

592,21

17

Арқалық қаласы

64 420

447,7547

Облыс бойынша барлығы

649 053, 86

5 955,6468


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады