Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің "2022 жылға арналған басым дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы" 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 145 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27591 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | А. Мухамбетов |
Қостанай облысы әкімдігінің | |
2022 жылғы 3 қазандағы | |
№ 433 қаулысына | |
қосымша | |
Қостанай облысы әкімдігінің | |
2022 жылғы 7 сәуірдегі | |
№ 145 қаулысына | |
2-қосымша |
2022 жылға арналған өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі
№ | Субсидиялауға арналған бюджеттік қаражат көлемі, мың теңге | |
1 | Жергілікті бюджет | 500 000,0 |
2 | Республикалық бюджет | 500 000,0 |
Барлығы | 1 000 000,0 |