"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-4) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы бойынша 2022 жылға арналған бюджет қаражатының көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | А. Мухамбетов |
Қостанай | |
облысы әкімдігінің | |
2022 жылғы 20 қазандағы | |
№ 466 қаулысына | |
қосымша |
Қостанай облысы бойынша 2022 жылға арналған бюджет қаражатының көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Бағыты | Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің саны | Бір білім алушыға және тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың айына орташа құны (теңге) |
1 | Ғылыми-техникалық | 70 | 8595 |