Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 294 және Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 227 бірлескен қаулысы және шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 желтоқсанда № 31203 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы халқының пікірін ескере отырып, Қостанай облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 13 сәуірдегі қорытындысы негізінде Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының келесі көшелері қайта аталсын:

      Фрунзе көшесі Достық көшесіне;

      30 лет ВЛКСМ көшесі Қостанай көшесіне.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара ауданының әкімі Н. Утегенов
      Жітіқара аудандық мәслихатының хатшысы А. Кабиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады