Меңдіқара ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2022 жылғы 7 ақпандағы № 86 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 ақпанда № 26802 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365 - бабы 3 - тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабы 1 - тармағының 15) тармақшасына сәйкес Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Меңдіқара ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың хатшысы Ж. Байбулатова

  Mәслихаттың
  2022 жылғы 7 ақпандағы
  № 86 шешіміне
  қосымша

Меңдіқара ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Коммуналдық қалдықтардың жинақталған жылдық нормасы, куб метрге

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,10

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

0,48

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

0,90

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,46

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

1,30

6

Емханалар

1 келіп кету

0,009

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек - орын

0,91

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,12

9

Мейрамханалар, дәмханалар қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

1,25

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарынын залы

1 отыратын орын

0,078

11

Стадиондар, спорт алаңдары

жоба бойынша 1 орын

0,02

12

Спорттық, би және ойын залдары

жалпы алаңы 1 м²

0,03

13

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

сауда алаңы 1 м²

0,56

14

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

сауда алаңы 1 м²

0,40

15

Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

жалпы алаңы 1 м²

0,04

16

Дәріханалар

сауда алаңы 1 м²

0,45

17

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар

1 машина - орын

1,92

18

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

1,68

19

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

1,28

20

Кір жуатын орындар, химиялык тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

жалпы алаңы 1 м²

0,66

21

Зергерліқ аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

жалпы алаңы 1 м²

1,05

22

Моншалар, сауналар

жалпы алаңы 1 м²

0,26


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады