Мәслихаттың 2021 жылғы 8 қазандағы № 47 "Меңдіқара ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2022 жылғы 11 шілдедегі № 138 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 шілдеде № 28775 болып тіркелді

      Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың "Меңдіқара ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2021 жылғы 8 қазандағы № 47 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24811 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасының 7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу мөлшері оқу жылы ішінде ай сайын әр мүгедек балаға сегіз айлық есептік көрсеткішке тең.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың хатшысы Ж. Байбулатова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады