Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 8 қарашадағы № 418/35 "Павлодар облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 147/12 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 сәуірде № 27645 болып тіркелді

      Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Павлодар облыстық мәслихатының "Павлодар облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2019 жылғы 8 қарашадағы № 418/35 шешіміне (Нормативтік кұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6604 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында 2-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:


      "2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі:

      1) мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;

      2) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар;

      3) толық емес отбасылар;

      4) Ипотекалық бағдарламасының және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысының бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 бекітілген бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18445 болып тіркелген) Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына сәйкес қалыптастырылатын еңбек ресурстарының болжамын ескере отырып, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы қажетті мамандар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер;

      5) 1 және 2 топтағы мүгедектер;

      6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;

      7) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы Е. Айткенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады