Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 21/3 "Павлодар облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 144/12 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 сәуірде № 27775 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 126/12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 26.04.2024 № 126/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Павлодар облыстық мәслихатының "Павлодар облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 21/3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7274 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімге 1-қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы Е. Айткенов

  Павлодар облыстық
мәслихатының 2022 жылғы
14 сәуірдегі № 144/12
шешіміне қосымша
  Павлодар облыстық
маслихатының 2021 жылғы
"22" сәуірдегі № 21/3
шешіміне 1-қосымша

Павлодар облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде облыстық бюджет қаражаты есебінен қосымша ұсынылатын дәрілік заттар

      1. "Риоцигуат", Өкпе гипертензиясы ауруы бар азаматтарға таблетка;

      2. "Мацитентан", Өкпе гипертензиясы ауруы бар азаматтарға таблетка;

      3. "Тобрамицин" (Тоби, Бранитоб), Муковисцидоз (Кистозды фиброз) ауруы бар азаматтарға ингаляцияға арналған ерітінді;

      4. "Интерферон альфа 1b (Ингарон)", Бастапқы иммун тапшылығы ауруы бар азаматтарға мұрынішілік енгізуге арналған ерітіндіні дайындау үшін;

      5. "Бепантен", Туа біткен буллезді эпидермолиз ауруы бар азаматтарға сыртқы қолдануға арналған жақпа май;

      6. "Банеоцин", Туа біткен буллезді эпидермолиз ауруы бар азаматтарға ұнтақ;

      7. "Ритуксимаб" (Мабтера), Вегенера Гранулемотозы ауруы бар азаматтарға инфузияға арналған ерітіндіні дайындау үшін концентрат;

      8. "Натрий колистиметаты", Көмей стенозы ауруы бар азаматтарға ингаляцияға арналған ерітіндіні дайындау үшін ұнтақ;

      9. "Тобрамицин", Көмей стенозы ауруы бар азаматтарға ингаляцияға арналған ерітінді;

      10. "Будесонид", Көмей стенозы ауруы бар азаматтарға ингаляцияға арналған ерітінді;

      11. "Сальбутамол", Көмей стенозы ауруы бар азаматтарға ингаляцияға арналған аэрозоль;

      12. "Повидон-йод", Көмей стенозы ауруы бар азаматтарға сыртқы қолдануға арналған ерітінді;

      13. "0,9% натрий хлориді изотониялық ерітінді", Көмей стенозы ауруы бар азаматтарға инфузияға арналған ерітінді;

      14. "Дозаторымен сыртқы қолданысқа арналған құрамында спирті бар антисептик", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға;

      15. "Хлоргексидин", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға сыртқы қолдануға арналған ерітінді;

      16. "0,9% натрий хлориді изотониялық ерітінді", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға инфузияға арналған ерітінді;

      17. "Вигабатрин" (Сабрил)", Қояншықтық энцефалопатия, тубероздық склероз, симптомдық қояншық, нейроинфекциямен ауырғаннан кейінгі салдары, балалар милық салдануы, түйілу тетрапарезі, Веста синдромы, полиморфизмді талмасы бар құрылымдық қояншық, құрылымдық қояншық, микроцефалия; Ишемиялық түрі бойынша ми қан айналымының жіті жеткіліксіздігі ауруы бар азаматтарға таблетка;

      18. "Этосуксимид" (Суксилеп, Петнидан), Қояншықтық энцефалопатия, тубероздық склероз, симптомдық қояншық, нейроинфекциямен ауырғаннан кейінгі салдары, балалар милық салдануы, түйілу тетрапарезі, Веста синдромы, полиморфизмді талмасы бар құрылымдық қояншық, құрылымдық қояншық, микроцефалия; Ишемиялық түрі бойынша ми қан айналымының жіті жеткіліксіздігі ауруы бар азаматтарға капсула, сироп;

      19. "Перампанел" (Файкомпа), Қояншықтық энцефалопатия, тубероздық склероз, симптомдық қояншық, нейроинфекциямен ауырғаннан кейінгі салдары, балалар милық салдануы, түйілу тетрапарезі, Веста синдромы, полиморфизмді талмасы бар құрылымдық қояншық, құрылымдық қояншық, микроцефалия; Ишемиялық түрі бойынша ми қан айналымының жіті жеткіліксіздігі ауруы бар азаматтарға таблетка;

      20. "Клобазам" (Фризиум), Қояншықтық энцефалопатия, тубероздық склероз, симптомдық қояншық, нейроинфекциямен ауырғаннан кейінгі салдары, балалар милық салдануы, түйілу тетрапарезі, Веста синдромы, полиморфизмді талмасы бар құрылымдық қояншық, құрылымдық қояншық, микроцефалия; Ишемиялық түрі бойынша ми қан айналымының жіті жеткіліксіздігі ауруы бар азаматтарға таблетка;

      21. "Сультиам", Қояншықтық энцефалопатия, тубероздық склероз, симптомдық қояншық, нейроинфекциямен ауырғаннан кейінгі салдары, балалар милық салдануы, түйілу тетрапарезі, Веста синдромы, полиморфизмді талмасы бар құрылымдық қояншық, құрылымдық қояншық, микроцефалия; Ишемиялық түрі бойынша ми қан айналымының жіті жеткіліксіздігі ауруы бар азаматтарға таблетка;

      22. "Клоназепам", Қояншықтық энцефалопатия, тубероздық склероз, симптомдық қояншық, нейроинфекциямен ауырғаннан кейінгі салдары, балалар милық салдануы, түйілу тетрапарезі, Веста синдромы, полиморфизмді талмасы бар құрылымдық қояншық, құрылымдық қояншық, микроцефалия; Ишемиялық түрі бойынша ми қан айналымының жіті жеткіліксіздігі ауруы бар азаматтарға таблетка;

      23. "MENALIND", Туа біткен буллезді эпидермолиз ауруы бар азаматтарға қорғанысты май-спрей;

      24. "MENALIND", Туа біткен буллезді эпидермолиз ауруы бар азаматтарға қорғанысты көбікше (протектор);

      25. "MENALIND", Туа біткен буллезді эпидермолиз ауруы бар азаматтарға ваннаға арналған көбікше;

      26. "Ломустин", GIII бас мидың самайлық үлесінің анопластикалық олигодендроглиомасы ауруы бар азаматтарға капсула;

      27. "Прокарбазин", GIII бас мидың самайлық үлесінің анопластикалық олигодендроглиомасы ауруы бар азаматтарға капсула;

      28. "Этеплирсен" (Экзондис 51), Дюшеннің бұлшықет дистрофиясы ауруы бар азаматтарға тамырішілік қолдануға арналған ерітінді;

      29. "Урсодезоксихолды қышқылы", Сигмотүрді ішектің стенозы (Қысқа ішек синдромы) ауруы бар азаматтарға арналған сироп;

      30. "Адеметеонин лиофилизат", Сигмотүрді ішектің стенозы (Қысқа ішек синдромы) ауруы бар азаматтарға ерітінді дайындау үшін лиофилизат;

      31."Глюкоза-калий-магнийлі ерітінді, резервтік сілтілік тасығыштары бар", Сигмотүрді ішектің стенозы (Қысқа ішек синдромы) ауруы бар азаматтарға тамырішілік енгізуге арналған ерітінді;

      32. "Калий хлориді", Сигмотүрді ішектің стенозы (Қысқа ішек синдромы) ауруы бар азаматтарға ампулалардағы 4% изотониялық ерітінді;

      33. "Кальций глюконаты", Сигмотүрді ішектің стенозы (Қысқа ішек синдромы) ауруы бар азаматтарға изотониялық ампулалардағы 10% ерітінді;

      34. "Метронидазол", Сигмотүрді ішектің стенозы (Қысқа ішек синдромы) ауруы бар азаматтарға таблетка;

      35. "Нистатин", Сигмотүрді ішектің стенозы (Қысқа ішек синдромы) ауруы бар азаматтарға таблетка;

      36. Сигмотүрді ішектің стенозы (Қысқа ішек синдромы) ауруы бар азаматтарға катетерлерді жабуға арналған ерітінді: "циклотауролидином, цитратом 4%"; "гепарин";"тауролидин"; "Урокиназа";

      37. "Алектиниб", Өкпе обыры ауруы бар азаматтарға капсула;

      38. "Денозумаб", Өкпе обыры ауруы бар азаматтарға тері астына енгізуге арналған ерітінді;

      39. "Нусинерсен", Жұлын бұлшықетінің атрофиясы ауруы бар азаматтарға интратегалдық енгізуге арналған ерітінді;

      40. "Канакинумаб", "Жасөспірімдердің идиопатиялық артриті" ауруы бар азаматтарға ерітінді дайындау үшін лиофилизат;

      41. Эврисиди (Рисдиплам), "Жұлын бұлшықетінің дистрофиясы" ауруы бар азаматтарға ампула.

      Павлодар облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде облыстық бюджет қаражаты есебінен қосымша ұсынылатын арнайы емдік өнімдер

      1. "Арнайы емдік тағам" (Нутрикомп дринк плюс, Нутриэнт стандарт), Муковисцидоз ауруы бар азаматтарға;

      2. "Педиашур-Малоежка" - Туа біткен буллезді эпидермолиз ауруы бар азаматтарға арнайы тағам;

      3. "Октенидол" - Туа біткен буллезді эпидермолиз ауруы бар азаматтарға су;

      4. "Глютенсіз ұн", Целиакия ауруы бар азаматтарға;

      5. "Глютенсіз қоспа", Целиакия ауруы бар азаматтарға;

      6. "Глютенсіз вафли", Целиакия ауруы бар азаматтарға;

      7. "Глютенсіз печенье", Целиакия ауруы бар азаматтарға;

      8. "Глютенсіз макарондар", Целиакия ауруы бар азаматтарға;

      9. "Глютенсіз кекстер", Целиакия ауруы бар азаматтарға;

      10. "Модулен", Целиакия ауруы бар азаматтарға;

      11. Парентералдық тамақтану үшін аралас препарат (СМОФКабивен орталық): "амин қышқылдары"; "соя майы"; "зәйтүн майы"; "орташа сілтілі триглициридтер"; "балық майы", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға;

      12. Инфузияға арналған ерітінді (Солвит-Н): "Тиамин мононитраты"; "Рибофлавин натрий фосфат дигидрат"; "Никотинамид"; "Пиридоксин гидрохлориді"; "Натрий пантотенаты"; "Натрий аскорбаты"; "Биотин"; "Фолий қышқылы"; "Цианокобаламин", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға;

      13. Парентералдық енгізуге арналған майда еритін дәрумендер (Виталипид-Н): "Инфузияға арналған эмульсия"; "Ретинол пальмитаты"; "Фитоменадион"; "Эргокальциферол"; "Альфа-токоферол", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға;

      14. Инфузияға арналған ерітінді (Аддамель-Н): "Хром хлориді гексагидраты"; "Мыс хлориді дигидраты"; "Темір хлориді гексагидраты"; "Марганец хлориді тетрагидраты"; "Калий йодиді", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға;

      15. "Глюкоза (Декстроза) немесе Глюкостенил", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға;

      16. "Төмен лактозды жоғары гидролизді емдік қоспа" (Нутрилон Пепти Гастро), Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға;

      17. "ОТТ бар арнайы май эмульсиясы" (Ликвиджен), Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға;

      18. "Құрамында 60-90 ммоль/л натрий бар тұзды ерітінді (Хумана Электролит, Регидрон Био)", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға;

      19. "Натрий далтепарины" (Фрагмин), Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға;

      20. "Бейімделген сүт алмастырғыштар" (NAN, Nestogen -3, Малютка, Nestogen -4, Nestogen -2, Смесь -4, Симилаг), Менингоэнцефалиттен кейінгі салдары, екінші реттік гидроцефалия, Бұлшықет дистониясы синдромы, 1 дәрежелі гипотрофия, Қатты және жұмсақ таңдай жарасы, Балалар милық салдануы, Аноксикалық бас мидың зақымдануы ауруы бар азаматтарға;

      21. "Арнайы емдік тағам" (Нутрикомп дринк плюс, Нутриэн), Менингоэнцефалиттен кейінгі салдары, екінші реттік гидроцефалия, Бұлшықет дистониясы синдромы, 1 дәрежелі гипотрофия, Қатты және жұмсақ таңдай жарасы, Балалар милық салдануы, Аноксикалық бас мидың зақымдануы ауруы бар азаматтарға;

      22. Инфузияға арналған ерітінді: "Стерофундин", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға.

      Павлодар облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде облыстық бюджет қаражаты есебінен қосымша ұсынылатын медициналық бұйымдар

      1. "ATRAUMAN AG", Туа біткен буллезді эпидермолиз ауруы бар азаматтарға күміспен зарарсыздандырылған жақпамайлы таңғыш медициналық бұйымы;

      2. "MEDICOMP Steril", Туа біткен буллезді эпидермолиз ауруы бар азаматтарға зарарсыздандырылған салфеткалар медициналық бұйымы;

      3. "PEHA-CREPP", Туа біткен буллезді эпидермолиз ауруы бар азаматтарға орамасыз эластик бекіткіш жаратаңғыш медициналық бұйымы;

      4. "Peha-haftLfee", Туа біткен буллезді эпидермолиз ауруы бар азаматтарға бекіткіш жаратаңғыш медициналық бұйымы;

      5. "STULPA Fix", Туа біткен буллезді эпидермолиз ауруы бар азаматтарға торкөзді түтікті жаратаңғыш медициналық бұйыы;

      6. "ROLTA-SOFT", Туа біткен буллезді эпидермолиз ауруы бар азаматтарға зарарсыздандырылмаған жұмсақ мақталы жаратаңғыш медициналық бұйымы;

      7. "Mepitel" (Safetacmepitel), Туа біткен буллезді эпидермолиз ауруы бар азаматтарға пластыр медициналық бұйымы;

      8. "Mepilex" (MepilexLite), Туа біткен буллезді эпидермолиз ауруы бар азаматтарға жұмсақ силиконнан жасалған сіңіргіш таңғыш медициналық бұйымы;

      9. "Mepitac", Туа біткен буллезді эпидермолиз ауруы бар азаматтарға силикон жабындысымен пластыр медициналық бұйымы;

      10. "Воскопран", Туа біткен буллезді эпидермолиз ауруы бар азаматтарға зарарсыздандырылған таңғыш медициналық бұйымы;

      11. "GRASSOLIND", Туа біткен буллезді эпидермолиз ауруы бар азаматтарға зарарсыздандырылған жақпамайлы таңғыш медициналық бұйымы;

      12. "Вакуумдық бақылауы бар аспирациялық катетер", Көмей стенозы (тарылуы) ауруы бар азаматтарға катетер медициналық бұйымы;

      13. "Жылуылғалалмастырғыш", Көмей стенозы (тарылуы) ауруы бар азаматтарға медициналық бұйым;

      14. "Саусақтық пульсоксиметр", Көмей стенозы (тарылуы) ауруы бар азаматтарға медициналық бұйым;

      15. "Мәрлі тампондары", Көмей стенозы (тарылуы) ауруы бар азаматтарға медициналық бұйым;

      16. "Спирттік салфеткалар", Көмей стенозы (тарылуы) ауруы бар азаматтарға медициналық бұйым;

      17. "Шприцтер", Көмей стенозы (тарылуы) ауруы бар азаматтарға медициналық бұйым;

      18. "ldH (bY'3140HHaEklHM) Infusomat Space ИпеТуре IV — Standart REF", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға медициналық бұйым;

      19. Intrafix Safe Set Luer Lock. 230 cм REF 4063003 (Б.Браун), Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға медициналық бұйым;

      20. Intrafix Safe Set Luer Lock "Дискофикс С" 180см REF 4063006 үш жақты кранымен (Б.Браун), Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға медициналық бұйым;

      21. 360º 16494 үш жақты кран, Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға медициналық бұйым;

      22. "Интрапур Липид Неонат" инфузиялық фильтрі, Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға медициналық бұйым;

      23. "0riginal Perfusor-LeitungLuer Lock ұзартқышы", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға медициналық бұйым;

      24. "Инстоплер - инъекциялық мембранасы бар қақпақша", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға медициналық бұйым;

      25. "Дәрі-дәрмектерді бірнеше мәрте жинақтауға арналған жүйе бактерияға қарсы сүзгіш", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға медициналық бұйым;

      26. "Шприцтер 1 мл", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға медициналық бұйым;

      27. "Шприцтер 3 мл", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға медициналық бұйым;

      28. "Шприцтер 10 мл", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға медициналық бұйым;

      29. "Шприцтер 20 мл", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға медициналық бұйым;

      30. "Шприцтер 50 мл", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға медициналық бұйым;

      31. "Инъекцияға арналған бірреттік инелер", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға медициналық бұйым;

      32. "in-situ қолжетімділігінің қан тамырлары құрылғыларының 0,9% NaCl ерітіндісімен зарарсыздандырылған ВD poliFush шприці", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға медициналық бұйым;

      33. "Орталық катетерге арналған қабыршақты ашық таңғыш", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға медициналық бұйым;

      34. "Гипоаллергендік бекіткіш пластыр", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға медициналық бұйым;

      35. "Су өткізбейтін ашық пластыр", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға медициналық бұйым;

      36. "Катетерді бекітуге арналған зарарсыздандырылған таңғыш", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға медициналық бұйым;

      37. "Зарарсыздандырылған салфеткалар", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға медициналық бұйым;

      38. "Зарарсыздандырылған қолғаптар", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға медициналық бұйым;

      39. "Зарарсыздандырылмаған қолғаптар", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға медициналық бұйым;

      40. "Өзі желімденетін зарарсыздандырылған жайма", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға медициналық бұйым;

      41. "Хирургиялық бетперделер", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға медициналық бұйым;

      42. "Бірреттік жаялықтар", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға медициналық бұйым;

      43. "Хирургиялық шапкалар", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға медициналық бұйым;

      44. "№ 12 Фолея катеторы", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға медициналық бұйым;

      45. "Ректалды сүңгі", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға медициналық бұйым.

      Павлодар облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде облыстық бюджет қаражаты есебінен қосымша ұсынылатын медициналық қызмет

      1. Радиоактивті метионин қолданумен позитрондық-эмиссиялық томограф аппаратында қарап-тексеру.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады