Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 20 мамырдағы "2022 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы" № 135/1 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28234 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған 2022 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерiнің тізбесі және тынайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялар нормалары, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға 1 121 370 000 (бір миллиард жүз жиырма бір миллион үш жүз жетпіс мың) теңге мөлшерінде бюджеттік қаражат көлемдері бекітілсін.".
2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.О. Өтешовке жүктелсiн.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысының әкімі | А. Скаков |