Ақтоғай ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № 223 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 тамызда № 29094 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының, 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтоғай ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтоғай ауданының әкімі К. Арынов

  Павлодар облысы
Ақтоғай ауданы әкімідігінің
2022 жылғы 5 тамыздағы
№ 223 қаулысына
қосымша

Ақтоғай ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 19.10.2023 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Орналасу орны

Алатын алаңы (шаршы метр)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)

Қызмет саласы

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлардың ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

1.

Ақтоғай ауылдық округі, Ақтоғай ауылы, Школьный тұйық көшесі, "Mobile Shop" дүкені ғимаратының оң жағында

418

5

ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру

"Елена" дүкені, "Лариса" дүкені, "В&М" дүкені, "Машай" кафесі, "Mobile Shop" дүкені

2.

Ақтоғай ауылдық округі, Харьковка ауылы, Пионерский тұйық көшесі, "Ябс Н.П." жеке кәсіпкер дүкені ғимаратының оң жағында

50

5

ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру

"Ябс Н.П." жеке кәсіпкердің дүкені

3.

Кожамжар
ауылдық округі, Кожамжар ауылы, Астана көшесі, "Ақтоғай ауданы Қожамжар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында

100

5

ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру

жоқ

4.

Жолболды ауылдық округі, Жолболды ауылы,
Мұхтар Әуезов көшесі, Павлодар облысы білім басқармасының Ақтоғай ауданының білім бөлімінің "Естай атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында

80

5

ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру

жоқ

5.

Ақжол ауылдық округі, Ақжол ауылы, Мир көшесі, жолаушылар аялдамасының сол жағында

50

5

ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру

жоқ

6.

Ақжол ауылдық округі, Ақжол ауылы, Драганов көшесі, "Казпочта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесі ғимаратының оң жағында

30

5

ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру

жоқ

7.

Ақжол ауылдық округі, Басқамыс ауылы, Ленин көшесі, "Жантемір" атындағы мешіт ғимаратының сол жағында

50

5

ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру

жоқ

8.

Ақжол ауылдық округі, Барлыбай ауылы, Специалистов көшесі, "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны Барлыбай ауылының ауылдық клуб ғимаратының оң жағында

50

5

ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру

жоқ

9.

Қараоба ауылдық округі, Қараоба ауылы, Абай көшесі, "Арай" дүкені ғимаратының сол жағында

80

5

ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру

"Арай" дүкені

10.

Қараоба ауылдық округі, Әуелбек ауылы, Абай көшесі, "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны Әуелбек ауылының ауылдық клуб ғимаратының оң жағында

80

5

ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру

жоқ

11.

Мүткенов ауылдық округі, Мүткенов ауылы, Шарапиденов көшесі, "Арай" дүкені ғимаратына қарама-қарсы

100

5

ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру

"Арай" дүкені

12.

Жалаулы ауылдық округі, Жалаулы ауылы Тәуелсіздік көшесі, "Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

50

5

ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру

жоқ

13.

Жалаулы ауылдық округі, Шолақсор ауылы Болашақ көшесі, Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақтоғай аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны Шолақсор ауылының медициналық пункт ғимаратының сол жағында

60

5

ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру

жоқ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады