Успен аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 27/3 "Успен ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2022 жылғы 11 мамырдағы № 103/15 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 мамырда № 27991 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 70/12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 21.12.2023 № 70/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Успен аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Успен аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 27/3 "Успен ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7263 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Успен ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Успен аудандық мәслихатының хатшысы Ж. Бараисов

  Успен аудандық
мәслихатының 2022 жылғы
11 мамырдағы № 103/15
шешіміне қосымша
  Успен аудандық
мәслихатының 2021 жылғы
12 сәуірдегі № 27/3
шешімімен бекітілген

Успен ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      Осы Успен ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және Успен ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Успен ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Павлодар облысы бойынша статистика органдары есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмірдегі қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган – "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      8) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      9) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      2. Осы Қағидаларда әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      3. Ақшалай нысандағы әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушының шотына аудару жолымен беріледі.

      4. "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын) көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мереке күндерінің тізбесі:

      1) Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз;

      2) Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – 1 мамыр;

      3) Отан қорғаушы күні – 7 мамыр;

      4) Жеңіс күні – 9 мамыр;

      5) Қазақстан Республикасының Конституция күні – 30 тамыз;

      6) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – 1 желтоқсан.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      7. Әлеуметтік көмек келесі санаттардағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, атап айтқанда:

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi;

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;

      Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қоғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;

      2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, атап айтқанда:

      1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар;

      3) еңбек ардагерлері, атап айтқанда:

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;

      4) Заңның күші қолданылатын басқа да адамдар, атап айтқанда:

      бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасылары;

      Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінің немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамның екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетіндерді қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы);

      1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар;

      5) Сот тәртібінде немесе "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген басқа тәртіпте саяси қуғын-сүргіндердің құрбандары немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккендер деп танылған азаматтар;

      6) мүгедектер, атап айтқанда:

      18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;

      бірінші және екінші топтағы мүгедектер;

      кәмелетке толмаған балалары бар бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер;

      үшінші топтағы мүгедектер;

      санаторлық-курорттық емделуге мұқтаж бірінші топтағы мүгедектер;

      гемодиалезге мұқтаж бірінші топтағы мүгедектер;

      балалардың церебралдық параличімен, парезбен, гидроцефалиямен, бастапқы иммун тапшылығымен және аутизммен ауыратын 18 жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасылар;

      18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

      Қазақстан Республикасының колледждерінде ақылы негізде оқитын мүгедектер, мүгедек балалар;

      Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқитын мүгедектер, мүгедек балалар;

      7) отбасының бір мүшесіне шаққандағы табысы облыс бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінен аспайтын, жоғары оқу орындарында оқитын аз қамтамасыз етілген отбасылардың студенттері, жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      8) аз қамтамасыз етілген азаматтар, атап айтқанда:

      бір айдан астам ұзақ аурудың салдарынан өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар;

      табысы облыс бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің жетпіс пайызынан төмен аз қамтамасыз етілген отбасылар;

      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтамасыз етілген отбасылар;

      жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын, жасанды тамақтанатын 1 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтамасыз етілген отбасылар;

      жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінен аспайтын жүкті әйелдер;

      18 жасқа дейінгі балалары бар атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналар;

      9) әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтар, атап айтқанда:

      онкология ауруына шалдыққан тұлғалар;

      туберкулез ауруына шалдыққан тұлғалар;

      адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған тұлғалар;

      адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған 18 жасқа дейінгі балалар;

      10) зейнеткерлік жасқа толған адамдар, атап айтқанда:

      зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төменгі мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төменгі мөлшерінен төмен алатындар;

      зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төменгі мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төменгі мөлшерінен төмен алатын 80 жастан бастап және одан жоғары (асқан) жастағылар;

      11) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар;

      12) табиғи зілзаланың немесе өрттің туындаған сәтінен бастап үш ай ішінде осы жағдай салдарынан зардап шеккен адамдар.

      8. Уәкілетті орган табысты есепке алмай көрсетеді:

      1) мереке күндеріне біржолғы әлеуметтік көмек:

      Халықаралық әйелдер күніне орай, уәкілетті органның тізімі негізінде осы Қағидалардың 7-тармағының 8) тармақшасының жетінші абзацында көрсетілген санат үшін;

      Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай, уәкілетті ұйымның тізімі негізінде осы Қағидалардың 7-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген санат үшін;

      Отан қорғаушы күніне орай, уәкілетті ұйымның тізімі негізінде осы Қағидалардың 7-тармағының 1) тармақшасының алтыншы абзацында, 4) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін;

      Жеңіс күніне орай, уәкілетті ұйымның тізімі негізінде осы Қағидалардың 7-тармағының 1) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші абзацтарында, 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін;

      Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, уәкілетті органның тізімі негізінде осы Қағидалардың 7-тармағының 6) тармақшасының тоғызыншы, оныншы, он бірінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін;

      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, уәкілетті ұйымның тізімі негізінде осы Қағидалардың 7-тармағының 6) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында, 10) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін;

      2) біржолғы әлеуметтік көмек:

      осы Қағидалардың 7-тармағының 6) тармақшасының екінші, үшінші, бесінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде;

      осы Қағидалардың 7-тармағының 6) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санат үшін Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде сауықтыруға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      осы Қағидалардың 7-тармағының 6) тармақшасының екінші, алтыншы абзацтарында көрсетілген санаттар үшін Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде 40 (қырық) АЕК (еріп жүретін адамның жол жүруіне, тұруына және тамақтануына) мөлшерінде;

      осы Қағидалардың 7-тармағының 6) тармақшасының сегізінші абзацында көрсетілген санат үшін Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде 20 (жиырма) АЕК (әлеуметтік бейімделуге және оңалтуға) мөлшерінде;

      осы Қағидалардың 7-тармағының9) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санат үшін Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      осы Қағидалардың 7-тармағының 9) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы "Успен аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – аудандық аурухана) ұсынатын тізім негізінде 7 (жеті) АЕК мөлшерінде;

      осы Қағидалардың 7-тармағының 9) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санат үшін Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде 7 (жеті) АЕК мөлшерінде;

      осы Қағидалардың 7-тармағының 9) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санат үшін Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде;

      осы Қағидалардың 7-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген санат үшін Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      осы Қағидалардың 7-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген санат үшін Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде 60 (алпыс) АЕК дейін мөлшерінде әлеуметтік көмек;

      3) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:

      осы Қағидалардың 7-тармағының 1), 2) тармақшаларында, 3) тармақшасының екінші абзацында, 4) тармақшасының екінші, төртінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде сауықтыруға 3,6 (үш бүтін оннан алты) АЕК мөлшерінде;

      осы Қағидалардың 7-тармағының 6) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде сауықтыруға 2 (екі) АЕК мөлшерінде;

      4) ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      осы Қағидалардың 7-тармағының 4) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде сауықтыруға 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      осы Қағидалардың 7-тармағының 6) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін (өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты үнемі көмек көрсетуге мұқтаж, өздерінің ата-аналарын (жұбайын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары (жұбайы) жоқ немесе объективті себептер бойынша оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары бар мүгедектерге (қарттық жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуы, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуі немесе басқа елді мекенде тұруы) уәкілетті органнның тізімі негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде;

      осы Қағидалардың 7-тармағының 6) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санат үшін Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде жол жүру шығындарын өтеуге жол жүру билеттерінің нақты құны мөлшерінде;

      осы Қағидалардың 7-тармағының 6) тармақшасының жетінші абзацында көрсетілген санат үшін Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде жол жүру шығындарын өтеуге 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      осы Қағидалардың 7-тармағының 9) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін аудандық аурухана ұсынатын тізім негізінде амбулаториялық емдеу кезеңінде тамақтануға 15 (он бес) АЕК мөлшерінде;

      осы Қағидалардың 7-тармағының 9) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санат үшін аудандық аурухана ұсынатын тізім негізінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде.

      9. Уәкілетті орган табысты ескере отырып көрсетеді:

      1) біржолғы әлеуметтік көмек:

      осы Қағидалардың 7-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген санат үшін Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде Успен ауданының әкімі, жоғары оқу орнының басшысы және студент қол қойған білім беру қызметтерін көрсетуге үшжақты шартта көрсетілген сома төленеді;

      осы Қағидалардың 7-тармағының 8) тармақшасының екінші, алтыншы абзацтарында көрсетілген, жан басына шаққандағы орташа табысы Павлодар облысы бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын санаттар үшін Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде 15 (он бес) АЕК мөлшерінде;

      осы Қағидалардың 7-тармағының 8) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде қатты отын сатып алуға 14 (он төрт) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;

      2) ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      осы Қағидалардың 7-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген санат үшін Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге 7 (жеті) АЕК мөлшерінде;

      осы Қағидалардың 7-тармағының 8) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санат үшін Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, ата-анасының біреуінің әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініші негізінде 5 (бес) АЕК мөлшерінде.

      10. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін осы Қағидаларға сәйкес арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      11. Мереке күндеріне алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың ЖАО келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      12. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидалардың 12-25-тармақтарына сәйкес айқындалған.

4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер

      13. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Успен ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      14. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5-тарау. Қорытынды ереже

      15. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады