Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Шарбақты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шарбақты ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 254/3 қаулысы мен Шарбақты аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 267/81 "Шарбақты ауданының Шалдай ауылдық округі ауылдарының шекараларын белгілеу туралы" бірлескен шешімінің (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6993 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шарбақты ауданының әкімі | А. Абеуов |
Шарбақты аудандық мәслихатының хатшысы | Н. Кизатов |