Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы "Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" № 06-01/05 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 06-01/01 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 маусымда № 28331 болып тіркелді

      ШЕШТІМ:

      1. Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы "Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" № 06-01/05 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1602 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      № 385 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 385 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 105.

      "К Management" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Премьер Алатау" қонақ үйі.

      Шекарасы: Достық даңғылынан Қажымұқан көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Сапар Байжанов көшесіне дейін; Сапар Байжанов көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласында емханасы бар өңірлік әскери госпиталі" мемлекеттік мекемесі аумағының оңтүстік шекарасына дейін; "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласында емханасы бар өңірлік әскери госпиталі" мемлекеттік мекемесі аумағының оңтүстік шекарасы бойымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Назарбаев даңғылына дейін; Назарбаев даңғылымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Қажымұқан көшесіне дейін; Қажымұқан көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Меңдіқұлов бульварына дейін; Меңдіқұлов бульварымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Самал–3 шағын ауданындағы № 22 үй аумағының оңтүстік шекарасына дейін; Самал–3 шағын ауданындағы № 22 үй аумағының оңтүстік шекарасымен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Самал–3 шағын ауданындағы № 21 үй аумағының шығыс шекарасына дейін; Самал–3 шағын ауданындағы № 21 үй аумағының шығыс шекарасымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Самал–3 шағын ауданындағы № 34, 35, 36 үйлер аумағының солтүстік шекарасының тұсына дейін; Самал–3 шағын ауданындағы № 34, 35, 36 үйлер аумағының солтүстік шекарасының бойымен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Достық даңғылына дейін; Достық даңғылымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Қажымұқан көшесіне дейін, "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласында емханасы бар өңірлік әскери госпиталі" мемлекеттік мекемесі аумағының шекарасын қоспағанда.";

      № 388 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 388 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 308.

      "Қазақстан санаторийі" акционерлік қоғамы.

      Шекарасы: Кіші Алматы өзенінің арнасынан Чайкина көшесімен батысқа қарай (оңтүстік жағы) Достық даңғылына дейін; Достық даңғылымен оңтүстікке қарай (шығыс жағы) Достық даңғылындағы № 291/1 үй учаскесінің солтүстік–батыс шекарасына дейін, әрі қарай Достық даңғылындағы № 291/1 үй учаскесінің солтүстік– батыс шекарасы бойымен оңтүстік–батысқа қарай (оңтүстік–шығыс жағы) Есентай өзенінің арнасына дейін; Есентай өзені арнасымен оңтүстік–шығысқа қарай (солтүстік–шығыс жағы) Тау–Самал шағын ауданы аумағының солтүстік–шығыс шекарасына дейін, Тау–Самал шағын ауданы аумағының солтүстік–шығыс шекарасының бойымен оңтүстік-шығысқа қарай (солтүстік–шығыс жағы) қала шекарасына дейін, әрі қарай қала шекарасымен Көлсай шағын ауданы аумағының оңтүстік шекарасына дейін; Көлсай шағын ауданы аумағының оңтүстік шекарасының бойымен батысқа қарай (оңтүстік жағы) Кіші Алматы өзенінің арнасына дейін; Кіші Алматы өзенінің арнасымен солтүстікке қарай (батыс жағы) Чайкина көшесіне дейін, Мұзтау шағын ауданын, "Медеу" "Тұйықсу", "Қимасар", "Сарқырама" шатқалдарын, "Горельник", "Шымбұлақ" туристік базаларын, "Просвещенец" демалыс үйін қоса.";

      № 399 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 399 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Назарбаев даңғылы, 40.

      "Алматы қаласы Білім басқармасының "Ж. Жабаев атындағы № 161 Лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі".

      Шекарасы: Дінмұхамед Қонаев көшесінен Мәметова көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Шахмардан Есенов көшесіне дейін; Шахмардан Есенов көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Мақатаев көшесіне дейін; Мақатаев көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Дінмұхамед Қонаев көшесіне дейін; Дінмұхамед Қонаев көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Мәметова көшесіне дейін".

      2. "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін,

      2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Медеу ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Медеу ауданының әкімі Е. Оразалин

  КЕЛICIЛДI:
  Алматы қалалық
  сайлау комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады