Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 ақпандағы № 20 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 4 ақпанда № 26742 болып тіркелді

      "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-4-бабы 4-1) тармақшасына, "Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 мамырдағы № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22807 тіркелді) сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      осы қаулыны Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі К. Аксакалов

  Солтүстік Қазақстан
  облысы әкімдігінің
  2022 жылғы 3 ақпандағы
  № 20 қаулысымен
  бекітілген

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі

      1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-4 бабы 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.

      2. Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құны (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің әрбір жеке түрі үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасына қарай айқындалады.

      Көрсетілетін қызметтің әрбір жеке түрі үшін базалық баға осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес айқындалады.

      3. Мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:

      1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:

      Pn (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, газеттердегі көрсетілетін қызмет құны;

      Bn – газетте орналастырылатын бір шаршы сантиметрінің көрсетілетін қызметтің базалық бағасы;

      V – газетте орналастырылатын, шаршы сантиметрмен есептелетін көрсетілетін қызмет көлемі;

      Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:

      200 000 данаға дейін – 1,3;

      100 000 данаға дейін – 1,15;

      50 000 данаға дейін – 1;

      30 000 данаға дейін – 0,9;

      20 000 данаға дейін – 0,8;

      10 000 данаға дейін – 0,65;

      5 000 данаға дейін – 0,5;

      2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:

      Pm (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, журналдардағы көрсетілетін қызмет құны;

      Bm – журналда орналастырылатын бір шаршы сантиметрінің көрсетілетін қызмет үшін базалық баға;

      V – шаршы сантиметрмен есептелетін журналда орналастырылатын көрсетілетін қызмет көлемі;

      Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:

      15 000 данаға дейін – 1,2;

      10 000 данаға дейін – 1,1;

      8 000 данаға дейін – 1;

      5 000 данаға дейін – 0,9;

      3 000 данаға дейін – 0,8;

      1 000 данаға дейін – 0,7.

      4. Интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Pi (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны;

      Bi – интернет-ресурста көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундінің, минутының, данасының базалық бағасы;

      V – интернет-ресурста көрсетілетін қызметтің символдармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі;

      Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:

      айына 500 000 кірушіге дейін – 1;

      айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1;

      айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;

      айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;

      айына 5 000 000 кірушіден жоғары – 1,4.

      5. Телевизияда көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Ptv (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, теледидардағы көрсетілетін қызметтің құны;

      Btv – телевизияда көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының, сериясының базалық бағасы;

      V – телевизияда көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көлемі

      Егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде телевизиялық бағдарламалардың жанрлары бойынша бөлінулер ескерілмеген жағдайда, телевизиялық бағдарламаларды өндіру және орналастыру құны базалық (Btv) болады.

      6. Радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Pr (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны;

      Br – радиоарнада көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының базалық бағасы;

      V – радиоарнада көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі.

  Солтүстік Қазақстан облысы
  бойынша бұқаралық ақпарат
  құралдарында мемлекеттік ақпараттық
  саясатты жүргізу үшін сатып алынатын
  көрсетілетін қызметтердің құнын
  айқындау әдістемесіне
  қосымша

Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша базалық бағалар

Қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

Облыстың, қалалар мен аудандардың атауы

2022 жылға базалық баға
(теңге)

2023 жылға базалық баға
(теңге)

2024 және алдағы жылдарға базалық баға
(теңге)

1

2

3

4

5

6

7

1

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn)

шаршы сантиметр

Солтүстік Қазақстан облысы

800

832

865

2

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын баспа басылымдарында (газеттерде) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn)

шаршы сантиметр

Солтүстік Қазақстан облысы

91

95

98

3

Петропавл қаласының аумағында таратылатын баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn)

шаршы сантиметр

Петропавл қаласы

89

93

96

4

Аудандар аумағында таратылатын баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn)

шаршы сантиметр

аудандар

30

31,2

32,4

5

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын баспа басылымдарында (журнал) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bm)

шаршы сантиметр

Солтүстік Қазақстан облысы

50

52

54

6

Республикалық маңызы бар мәселелерді жариялайтын интернет-ресурстарында көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bi)

символ

Солтүстік Қазақстан облысы

158

164

171

7

Өңірлік маңызы бар мәселелерді жариялайтын интернет-ресурстарында көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bi)

символ

Солтүстік Қазақстан облысы

24

25

26

8

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын міндетті теле -, радиоарналардың тізбесіне кіретін телеарналарда көрсетілетін қызмет (сюжеттер шығару және орналастыру) (Btv)

минут

Солтүстік Қазақстан облысы

491 111

510 755

531 186

9

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын міндетті теле -, радиоарналардың тізбесіне кіретін телеарналарда көрсетілетін қызмет (деректі фильм шығару) (Btv)

минут

Солтүстік Қазақстан облысы

187 500

187 500

187 500

10

Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Солтүстік Қазақстан облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле -, радиоарналардың тізбесіне кіретін телеарналарда көрсетілетін қызмет (сюжеттерді өндіру және орналастыру) (Btv)

минут

Солтүстік Қазақстан облысы

6 194

6 442

6 699

11

Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Солтүстік Қазақстан облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телеарналарда көрсетілетін қызмет (телевизиялық бағдарламаларды өндіру және орналастыру) (Btv)

минут

Солтүстік Қазақстан облысы

6 194

6 442

6 699

12

Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Солтүстік Қазақстан облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле -, радиоарналардың тізбесіне кіретін телеарналарда көрсетілетін қызмет (видеороликтер өндіру және орналастыру) (Btv)

минут

Солтүстік Қазақстан облысы

6 194

6 442

6 699

13

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын радиода көрсетілетін қызмет (ақпараттық бағдарламаларды шығару және орналастыру) (Br)

минут

Солтүстік Қазақстан облысы

1 563

1 626

1 691

14

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын радиода көрсетілетін қызмет (аудиороликтерді өндіру және орналастыру) (Br)

секунд

Солтүстік Қазақстан облысы

1 563

1 626

1 691


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады