Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілері қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 20/12 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4659 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы | В. Бубенко |