Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2022 – 2023 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысындағы спорттың басым түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 03 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26536 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | К. Аксакалов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі