Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 339 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4315 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | К. Аксакалов |
Солтүстік Қазақстан | |
облысы әкімдігінің | |
2022 жылғы 11 шілдедегі № 165 | |
қаулысына қосымша | |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
әкімдігінің 2017 жылғы 25 тамыздағы | |
№ 339 қаулысына | |
қосымша |
Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері
№ | Спорттық жарыстардың атауы |
Жүлде |
Төлем мөлшері |
Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық спорт түрлері | |||
1 |
Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары | 1 орын | 250 |
2 орын | 200 | ||
3 орын | 150 | ||
4 орын | 140 | ||
5 орын | 130 | ||
6 орын | 120 | ||
2 |
Азия ойындары, жабық жайдағы Азия ойындары | 1 орын | 150 |
2 орын | 130 | ||
3 орын | 120 | ||
3 |
Дүниежүзілік Универсиада, континентальді ойындар, Жасөспірімдер Олимпиада ойындары | 1 орын | 100 |
2 орын | 80 | ||
3 орын | 60 | ||
4 |
Ересектер арасындағы Әлем чемпионаты | 1 орын | 150 |
2 орын | 130 | ||
3 орын | 120 | ||
5 |
Юниорлар, жастар, кадеттер, жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты | 1 орын | 60 |
2 орын | 50 | ||
3 орын | 40 | ||
6 |
Азия чемпионаты, Әлем Кубоктері, ересектер арасындағы Әлем Кубогінің кезеңдері | 1 орын | 100 |
2 орын | 80 | ||
3 орын | 60 | ||
7 |
Юниорлар, жастар, кадеттер, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты, "Азия балалары" халықаралық спорттық ойындары | 1 орын | 40 |
2 орын | 30 | ||
3 орын | 20 | ||
8 |
Ересектер арасында Азия Кубоктері, Еуропа Кубоктері | 1 орын | 50 |
2 орын | 40 | ||
3 орын | 30 | ||
9 |
Юниорлар, жастар, жасөспірімдер, кадеттер арасындағы Әлем Кубоктері, Әлем Кубогінің кезеңдері, Азия Кубогінің кезеңдері, Еуропа Кубогінің кезеңдері | 1 орын | 40 |
2 орын | 30 | ||
3 орын | 20 | ||
10 |
Ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты, Қазақстан Республикасының Спартакиадасы, Қазақстан Республикасының Паралимпиадалық ойындары, Қазақстан Республикасының Сурдлимпиадалық ойындары | 1 орын | 50 |
2 орын | 40 | ||
3 орын | 30 | ||
11 |
Юниорлар, жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты, Қазақстан Республикасының Жастар спорт ойындары | 1 орын | 30 |
2 орын | 20 | ||
3 орын | 10 | ||
Олимпиадалық емес спорт түрлері | |||
12 |
Азия ойындары, жабық жайдағы Азия ойындары | 1 орын | 70 |
2 орын | 60 | ||
3 орын | 50 | ||
13 |
Ересектер арасындағы Әлем чемпионаты | 1 орын | 50 |
2 орын | 40 | ||
3 орын | 30 | ||
14 |
Ересектер арасындағы Азия чемпионаты, Еуропа чемпионаты, Әлем Кубоктері, Азия Кубоктері, Еуропа Кубоктері | 1 орын | 45 |
2 орын | 35 | ||
3 орын | 20 | ||
15 |
Жастар арасында Әлем чемпионаты, Азия чемпионаты, Еуропа чемпионаты, Әлем Кубоктері, Азия Кубоктері, Еуропа Кубоктері | 1 орын | 30 |
2 орын | 20 | ||
3 орын | 15 | ||
16 |
Ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты | 1 орын | 35 |
2 орын | 20 | ||
3 орын | 15 |
Ескертпе: төлем келесі жарыстарға дейін жүзеге асырылады.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АЕК – айлық есептік көрсеткіш.