"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар бекітілсін:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2022 – 2023 оқу жылына арналған жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2022 – 2023 оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | К. Аксакалов |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
әкімдігінің 2022 жылғы | |
10 қарашадағы № 248 | |
қаулысына 1-қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2022 – 2023 оқу жылына арналған жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Білім беру саласының коды және атауы | Даярлау бағытының коды және атауы | Білім беру бағдарламалары топтарының атауы және нөмірі | Мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі, күндізгі оқыту нысаны (орын, грант саны) | Оқу жылында бір студентті оқытуға жұмсалатын шығынның орташа құны (ұлттық жоғары оқу орындарын қоспағанда) (теңге) |
1. | 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар | 6В021 Өнер | B021 Орындаушылық өнер | 5 | 922 500 |
B023 Режиссура, арт-менеджмент | 3 | 922 500 | |||
B027 Театр өнері | 5 | 922 500 | |||
2. | 6В11 Қызмет көрсету | 6В111 Қызмет көрсету саласы | B092 Тынығу | 2 | 714 900 |
Барлығы | 15 |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
әкімдігінің 2022 жылғы | |
10 қарашадағы № 248 | |
қаулысына 2-қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2022 – 2023 оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Білім беру саласының коды және атауы | Даярлау бағытының коды және атауы | Резидентура бағдарламаларының медицина мамандықтарының тізбесі | Жоғары білім негізіндегі мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі, күндізгі оқыту нысаны (орын, грант саны) | Оқу жылында бір студентті оқытуға жұмсалатын шығынның орташа құны (ұлттық жоғары оқу орындарын қоспағанда) (теңге) | |
4 айға | 8 айға | |||||
1. | 7R01 Денсаулық сақтау (медицина) | 7R011 Денсаулық сақтау | Терапия | 2 | 466 300 | 932 600 |
Физикалық медицина және реабилитация ересектердің, балалардың | 3 | 466 300 | 932 600 | |||
Радиология | 6 | 466 300 | 932 600 | |||
Гастроэнтерология ересектердің, балалардың | 1 | 466 300 | 932 600 | |||
Акушерия және гинекология ересектердің, балалардың | 6 | 466 300 | 932 600 | |||
Балалар хирургиясы | 1 | 466 300 | 932 600 | |||
Кардиология ересектердің, балалардың | 8 | 466 300 | 932 600 | |||
Жалпы хирургия | 2 | 466 300 | 932 600 | |||
Онкология ересектердің | 4 | 466 300 | 932 600 | |||
Педиатрия | 6 | 466 300 | 932 600 | |||
Анестезиология және реаниматология ересектердің, балалардың | 5 | 466 300 | 932 600 | |||
Офтальмология ересектердің, балалардың | 4 | 466 300 | 932 600 | |||
Неврология ересектердің, балалардың | 4 | 466 300 | 932 600 | |||
Эндокринология ересектердің, балалардың | 4 | 466 300 | 932 600 | |||
Травматология-ортопедия ересектердің, балалардың | 3 | 466 300 | 932 600 | |||
Аллергология және иммунология ересектердің, балалардың | 1 | 466 300 | 932 600 | |||
Барлығы | 60 |