"2022 жылға арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 96 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 285 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 желтоқсанда № 31347 болып тіркелді

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2022 жылға арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 96 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27842 тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі А. Сапаров

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
  2022 жылғы 28 желтоқсандағы
  № 285 қаулысына
  қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
  2022 жылғы 29 сәуірдегі
  № 96 қаулысына
  2-қосымша

2022 жылға арналған пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдері

Реттік саны №

Облыстың атауы

Субсидиялар көлемі, теңге

1

Солтүстік Қазақстан облысы

15 302 389 000,00


Барлығы

15 302 389 000,00


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады