Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында шетелдіктер үшін 2022 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 17 ақпандағы № 7-15-5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 24 ақпандағы № 26914 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 2-10) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысының 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында туристік жарнаның мөлшерлемесі 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда-болу құнының 0 (нөл) пайызы болып бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау аудандық мәслихатының хатшысы
Г. Абулкаирова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады