Солтүстік Қазақстан облыстық Ақжар ауданы Үлкен Қараой ауылдық округінің Горьковское ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Үлкен Қараой ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 14 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 қыркүйекте № 29943 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Горьковское ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 26 тамыздағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Үлкен Қараой ауылдық округінің Горьковское ауылының көшелері қайта аталсын:

      Горький көшесін Абылай хан көшесіне;

      Шевченко көшесін Бауыржан Момышұлы көшесіне;

      Октябрьская көшесін Қазыбек би көшесіне;

      Ленин көшесін Әлия Молдағұлова көшесіне;

      60 лет Октября көшесін Қобыланды батыр көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Н. Кантаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады