"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, ШЕШТІМ:
1. "Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің 2022 жылғы 8 қыркүйектегі № 8 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29553 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі |
С. Мухамедиев |