"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2021 жылғы 25 қарашадағы № 13/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2022 жылғы 30 маусымдағы № 23-17 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 4 шiлдеде № 28702 болып тіркелді

      Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2021 жылғы 25 қарашадағы № 13/4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25478 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 6 және 7-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі шығындарды өтеу Қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес ұсынылады, бұл ретте жеке басын сәйкестендіру үшін қандастармен жеке басын куәландыратын құжаттың орнына, қандас куәлігі ұсынылады.

      7. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу әр мүгедек балаға оқу жылына ай сайын үш айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне тең.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы
мәслихатының хатшысы
Р. Нурмуканова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады