Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 20/3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 6 сәуірде № 27449 болып тіркелді

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 22.11.2022 № 27/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 22.11.2022 № 27/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы мәслихатының хатшысы
О. Амрин

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Шал ақын ауданы мәслихатының
  2022 жылғы 30 наурыздағы № 20/3
  шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда -Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 22.11.2022 № 27/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. 1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Шығындарды өтеу қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 05.05.2023 № 3/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу) мүгедектігі бар баланы үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

      3. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамтамасыз етуіндегі мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкілдеріне отбасының табысына қарамастан беріледі.

      4. Оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 05.05.2023 № 3/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. Оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар балалардың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңінде, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы, алушының Шал ақын ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кетуі немесе мүгедектігі бар баланы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемеге тұруға жіберу) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      6. . Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу үшін өтініш беруші "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес ақционерлік қоғамы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) осы Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса Шығындарды өтеу қағидаларының 1 немесе 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді. Өтініш беруші оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және Шығындарды өтеу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 05.05.2023 № 3/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      7. 7. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу мөлшері мүгедектігі бар әрбір балаға ай сайын үш айлық есептік көрсеткішке тең.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 05.05.2023 № 3/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      8. Оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуден бас тарту үшін негіздер шығындарды өтеу қағидаларына 3-қосымшаның тоғызыншы жолында көзделген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады