Атырау облысының аумағында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 58 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 наурызда № 27205 болып тіркелді

      "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 4-4-бабының 4-1) тармақшасына, "Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 мамырдағы № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22807 болып тіркелген) сәйкес, Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Атырау облысының аумағында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Н. Б. Таушовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атырау облысының әкімі М. Досмухамбетов

  Атырау облысы әкімідігінің
2022 жылғы 24 наурыздағы
№ 58 қаулысымен бекітілген

Атырау облысының аумағында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі

      1. Атырау облысы аумағында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 4-4-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Атырау облысының аумағында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.

      2. Атырау облысы аумағында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құны (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің әрбір түрі үшін осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағаларына байланысты айқындалады.

      3. Мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:

      1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:

      Pn (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, газеттердегі көрсетілетін қызмет құны;

      Bn – газетте орналастырылатын көрсетілетін қызметтің базалық бағасы бір шаршы сантиметр;

      V – газетте орналастырылатын, шаршы сантиметрмен есептелетін көрсетілетін қызмет көлемі;

      Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:

      200 000 данаға дейін – 1,3;

      100 000 данаға дейін – 1,15;

      50 000 данаға дейін – 1;

      30 000 данаға дейін – 0,9;

      20 000 данаға дейін – 0,8;

      10 000 данаға дейін – 0,65;

      5 000 данаға дейін – 0,5;

      2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:

      Pm (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, журналдардағы көрсетілетін қызмет құны;

      Bm – журналда орналастырылатын көрсетілетін қызмет үшін базалық бағасы бір шаршы сантиметр;

      V – шаршы сантиметрмен есептелетін журналда орналастырылатын көрсетілетін қызмет көлемі;

      Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:

      15 000 данаға дейін – 1,2;

      10 000 данаға дейін – 1,1;

      8 000 данаға дейін – 1;

      5 000 данаға дейін – 0,9;

      3 000 данаға дейін – 0,8;

      1 000 данаға дейін – 0,7.

      4. Интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Pi (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны;

      Bi – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундінің, минутының, данасының базалық бағасы;

      V – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің таңбалармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі;

      Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффициенті:

      айына 500 000 кірушіге дейін – 1;

      айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1;

      айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;

      айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;

      айына 5 000 000 кірушіден жоғары – 1,4.

      5. Телевизияда көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Ptv (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, теледидардағы көрсетілетін қызметтің құны;

      Btv – телевизияда орналастырылатын көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының, сериясының базалық бағасы;

      V – телевизияда орналастырылатын көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көлемі.

      Егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде телевизиядағы көрсетілетін қызметтердің жанрлары бойынша бөлінулер ескерілмеген жағдайда, телевизиядағы көрсетілетін қызметтердің құны базалық баға (Btv) бойынша есептеледі.

      6. Радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Pr (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны;

      Br – радиоарнада орналастырылатын көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының базалық бағасы;

      V – радиоарнада орналастырылатын көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі.

  Атырау облысының аумағында
бұқаралық ақпарат құралдарында
мемлекеттік ақпараттық саясатты
жүргізу үшін сатып алынатын
көрсетілетін қызметтердің құнын
айқындаудың Әдістемесіне
қосымша

Атырау облысының аумағында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағалары

Қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

Облыстың, қалалар мен аудандардың атауы

2022 жылға базалық баға (теңге)

2023 жылға базалық баға (теңге)

2024 және алдағы жылдарға базалық баға (теңге)

1

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn)

шаршы сантиметр

Атырау облысы

666

666

666

2

Атырау облысы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn)

шаршы сантиметр

Атырау облысы

200

200

200

3

Мерзімді баспасөз басылымдарында (журнал) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bm)

шаршы сантиметр

Атырау облысы

203

203

203

4

Республикалық маңызы бар мәселелерді жариялайтын интернет-ресурстарда көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bi)

таңба

Атырау облысы

122

122

122

5

Өңірлік маңызы бар мәселелерді жариялайтын интернет-ресурстарда көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bi)

таңба

Атырау облысы

23

23

23

6

Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (жаңалықтар сюжеттерін өндіру және орналастыру) (Btv)

минут

Атырау облысы

454 600

454 600

454 600

7

Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Атырау облысының аумағында телерадиохабарын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияларда көрсетілетін қызмет (жаңалықтар сюжеттерін өндіру және орналастыру) (Btv)

минут

Атырау облысы,
қала/ аудандар

60 000

60 000

60 000

8

Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Атырау облысының аумағында телерадиохабарын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияларда көрсетілетін қызмет (роликтерді өндіру) (Btv)

секунд

Атырау облысы

1750

1750

1750

9

Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Атырау облысының аумағында телерадиохабарын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияларда көрсетілетін қызмет (роликтерді орналастыру) (Btv)

секунд

Атырау облысы

300

300

300

10

Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Атырау облысының аумағында телерадиохабарын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияларда көрсетілетін қызмет (бағдарламаларды, деректі фильмдерді өндіру және орналастыру) (Btv)

минут

Атырау облысы

15 000

15 000

15 000

11

Радиоарнада көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды өндіру және орналастыру) (Br)

секунд

Атырау облысы

225

225

225


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады