Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Атырау қаласы әкімінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 19 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 сәуірде № 27784 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы әкімінің 2022 жылғы 14 маусымдағы № 27 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы әкімінің 14.06.2022 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 33-бабының 1-тармағы 13)-тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 48-бабына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, ШЕШТІМ:

      1. Атырау қаласы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Атырау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары тағайындалсын және табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс – шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Атырау қаласының әкімі М. Қалауи

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады