Қызылқоға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № ХХХХІ-1 "Қызылқоға ауданының ауылдық елді мекендеріне тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы № 27-2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 желтоқсанда № 31158 болып тіркелді

      Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Қызылқоға ауданының ауылдық елді мекендеріне тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" Қызылқоға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № ХХХХІ-1 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4493 болып тіркелген) келесі өзеріс енгізілсін:

      Аталған шешіммен бекітілген қосымшадағы 5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі."

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат хатшысы А. Аккайнанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады