Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 - бабының 4) тармақшасына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 20 сәуірдегі қорытындысы негізінде және Елтай, Аққала ауылдары халқының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Индер ауданы Елтай ауылдық округі Елтай ауылының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
Қазақстан - 2 шағын ауданының № 9 атауы жоқ көшесіне Үмбет Тасқарин көшесі;
Қазақстан - 2 шағын ауданының № 10 атауы жоқ көшесіне Қаден Мұхамедияров көшесі.
2. Индер ауданы Елтай ауылдық округі Аққала ауылының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
№ 3 атауы жоқ көшесіне Бағыт Нұриев көшесі;
№ 4 атауы жоқ көшесіне Әмина Қабдешова көшесі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Индер ауданы Елтай ауылдық округінің әкімі |
О. Хасанов |