Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 138 "Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 21 қазандағы № 213 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 қазанда № 30361 болып тiркелдi

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Түркістан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 138 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3211 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкiмiнiң бірінші орынбасарына жүктелсiн.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысының әкімі Д. Сатыбалды

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігінің автомобиль

      жолдары комитеті"

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады