Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылы округі әкімінің 2022 жылғы 7 қарашадағы № 84 шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 қарашада № 30495 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 2 шешiмiмен

Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылдық округі әкімінің 04.01.2023 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекция басшысының 2022 жылғы 22 қазандағы № 02-05/335 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылдық округі Қазығұрт елді мекені Д.Қабашбаев көшесіндегі № 19-27 көшелерінің аумағына мүйізді ұсақ малдар арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазығұрт ауылдық округінің әкімі К. Садыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады