Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

Түркістан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 24-164-VII шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 қазанда № 30022 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес, Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мақтаарал аудандық мәслихатының хатшысы К. Сарсекбаев

  2022 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 24-164-VII шешіміне
1 қосымша

Тұрғын үй сертификатының мөлшері

      1. Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.

      2. Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1500000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.

  2022 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 24-164-VII шешіміне
2 қосымша

Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 19.10.2023 № 7-55-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

Санаттары

1

Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары

2

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар

3

Толық емес отбасылар

4

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде, сондай-ақ Еңбек ресурстарын болжаудың және оның нәтижелерін пайдаланудың ұлттық жүйесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес қалыптастырылатын еңбек ресурстарының болжамын ескере отырып айқындалатын Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру және ветеринарияның сұранысқа ие мамандары.


Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов

Решение Мактааральского районного маслихата Туркестанской области от 28 сентября 2022 года № 24-164-VII. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 октября 2022 года № 30022

      В соответствии с пунктом 2-9 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 2 статьи 14-1 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях", Мактааральский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить размер и перечень категорий получателей жилищных сертификатов согласно приложениям 1, 2 к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь маслихата Мактааральского района К. Сарсекбаев

  Приложение 1 к решению
от 28 сентября 2022 года
№ 24-164-VII

Размер жилищного сертификата

      1. 10 % от суммы займа, но не более 1 500000 (одного миллиона пятисот тысяч) тенге в виде социальной помощи.

      2. 10 % от суммы займа, но не более 1 500000 (одного миллиона пятисот тысяч) тенге в виде социальной поддержки.

  Приложение 2 к решению
от 28 сентября 2022 года
№ 24-164-VII

Перечень категорий получателей жилищных сертификатов

      Сноска. Приложение 2 - в редакции решения Мактааральского районного маслихата Туркестанской области от 19.10.2023 № 7-55-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Категорий

1

Семьи, имеющие или воспитывающие детей с инвалидностью

2

Многодетные матери, награжденные подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа" или получившие ранее звание "Мать-героиня", а также награжденные орденами "Материнская слава" I и II степени, многодетные семьи

3

Неполные семьи

4

Востребованные специалисты здравоохранения, образования, культуры, спорта, социального обеспечения и ветеринарии, определяемые на основе анализа статистических наблюдений по статистике труда и занятости, а также с учетом прогноза трудовых ресурсов, формируемых согласно Правил формирования национальной системы прогнозирования трудовых ресурсов и использования ее результатов, утвержденных приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 20 мая 2023 года № 161 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 32546).