Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мақтаарал аудандық мәслихатының "Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 24-164-VII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30022 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы осы шешім қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мақтаарал аудандық | |
мәслихатының төрағасы | К. Сарсекбаев |
Мақтаарал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 19 қазандағы № 7-55-VIII шешіміне қосымша |
|
Мақтаарал аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 24-164-VII шешіміне 2-қосымша |
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
№ | Санаттары |
1 | Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары |
2 | "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар |
3 | Толық емес отбасылар |
4 | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде, сондай-ақ Еңбек ресурстарын болжаудың және оның нәтижелерін пайдаланудың ұлттық жүйесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес қалыптастырылатын еңбек ресурстарының болжамын ескере отырып айқындалатын Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру және ветеринарияның сұранысқа ие мамандары. |