Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Созақ ауданы Құмкент ауылдық округі әкімінің 29.06.2022 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Созақ аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 08-02-07/63 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Бруцеллез ауруының шығуына байланысты Түркістан облысының Созақ ауданы Құмкент ауылдық округінің Тасарық көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Созақ ауданының Құмкент ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Құмкент ауылдық округі әкімінің | |
міндетін атқарушысы | Б. Әбішов |