Төлеби ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 23/132-VII шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 6 қаңтарда № 31603 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 8/44-VIII шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 8/44-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес, Төлеби аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері-болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудандық мәслихат хатшысы Н. Койбагаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады