Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Келес аудандық мәслихатының 22.09.2023 № 5-60-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Келес аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Келес аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №34-260-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6048 тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"5. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидада көзделген тәртіппен көрсетіледі."
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"8. Әлеуметтiк көмек мынадай санаттағы азаматтарға мереке және атаулы күндерi көрсетіледі:
1) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні:
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға - бір рет 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) 7 мамыр – Отан қорғаушы күні:
бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (бұдан әрі - КСР Одағы) үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы КСР Одағы ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда) - бір рет 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге - бір рет 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға және Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға - бір рет 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - бір рет 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - бір рет 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - бір рет 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) 9 мамыр – Жеңіс күні:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне - бір рет 327 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға - бір рет 12 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға - бір рет 12 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары және екінші рет некеге тұрмаған жесірлері, екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) - бір рет 20,6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшiлерге - бір рет 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - бір рет 12 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға - бір рет 12 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне, "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдарға - бір рет 12 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
мерзімді басылымдарға жазылу үшін - Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарына, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, мүгедектігі бар адамдарға, жалғызілікті қарттарға - жарты жылдықта бір рет 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарына тұрғын үйін жөндеуге - бір рет 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) 6 шілде – Астана күні:
үйде арнаулы әлеуметтік қызмет алатын мүмкіндігі шектеулі мүгедектігі бар балалар мен үйде оқытылып тәрбиеленетін мүмкіндігі шектеулі мүгедектігі бар балаларға - бір рет 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні:
үйде арнаулы әлеуметтік күтімге алынған жалғызілікті қарттарға, арнаулы әлеуметтік күтімге алынған І-ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға - бір рет 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
үйде арнаулы әлеуметтік қызмет алатын 80 жас және одан асқан жалғызілікті қарттарға - ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай:
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес ақталған тұлғаларға - бір рет 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде."
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"9. Әлеуметтiк көмек мынадай санаттағы азаматтарға ұсынылады:
1) үйде оқытылып тәрбиеленетін мүмкіндігі шектеулі мүгедектігі бар балаларға - ай сайын оқу жылына 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) Әлеуметтік маңызы бар ауру – туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын адамдарға ақшалай төлем түріндегі әлеуметтік көмек ай сайын 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.
Келес аудандық аурухананың ай сайын ұсынатын бекітілген тізімі әлеуметтiк көмек көрсету үшiн негіздеме болып табылады;
3) жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарға арнаулы жүрiп-тұру құралдарына:
серуендеуге арналған қоларбаға - бір рет 60 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
мүгедектігі бар адамдардың бөлмеге арналған қоларбасына әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға шипажай немесе оңалту орталықтарына емделуге жолдама түрінде - бір рет 58 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) жұқтыру медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің өз міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан болған, адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын ауру жұқтырған балалары бар отбасылар мен адамдарға зиянды өтеуге ай сайын ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң екі есе мөлшерiнде;
бала кезінде адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын ауру жұқтырған адамдарға ай сайын ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң екі есе мөлшерiнде;
6) автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсетуге Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарына, жүріп тұруы қиын І-ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға емдеу сауықтыру мекемелеріне және қоғамдық орындарға тасымалдау үшін ай сайын 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
7) Әлеуметтiк көмек өмiрлiк қиын жағдайға ұшыраған, аз қамтамасыз етілген, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға (адамдарға) - ең төмен күнкөрiс деңгейi мөлшерінде ұсынылады."
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келес аудандық мәслихат хатшысы | А. Тотиков |