Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Глубокое ауданы бойынша туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесі 2022 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін қоса алғанда – келу құнынан 0 (нөл) пайыз болып бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Глубокое аудандық мәслихатының хатшысы | А. Калигожин |